Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық бірлік техника жұмылдырылған.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов оқиға орнынан өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіріп отыр.
Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Қаштақ орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалған. Жедел іс-қимылдар мен қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ.
Сонымен қатар өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өткен тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет су төгілді, жалпы көлемі 1 500-ден астам тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет су төгілді, жалпы көлемі 4000-ға жуық тоннаны құрайды.
Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.
«Қазгидромет» деректері бойынша 14 маусым күні қысқа мерзімді жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +18+23С.