Шахмат • 13 Маусым, 2023

Қазақстандық жас шахматшы Грузияда чемпион атанды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның Батуми қаласында кадеттер мен жастар арасындағы рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жас шахматшы Грузияда чемпион атанды

Швейцариялық жүйе бойынша 11 раундтан тұратын бəсекеде 35 елден келген 450-ден астам 8-18 жас аралығындағы ойыншы өзара сынға түсті.

Қазақстан құрамасының өрендері 6 күнге созылған турнирде жақсы нəтиже көрсетті. Нәтижесінде қоржынға 2 алтын мен 4 күміс медаль түсті.

Əуелі жас ойыншылар рапидтен үздіктерді анықтады. Мұнда Аланна Берікқызы (10 жасқа дейін), Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) өз жас санатында 2-орыннан көрінді.

ш

Ал блицте жас отандасымыз Иман Нəбиев күміс медаль жеңіп алды. Ол тек шотландиялық Луис Ченгке есе жіберді. Ал Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) чемпион атанды. Жуырда ғана классикалық шахматтан 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионы атанған Аланна Берікқызы бұл сында үздік бестікті түйіндеді. Осы тұста ұйымдастырушылар жігерлендіру үшін барлық жас санатында жақсы нəтиже көрсеткен əдеттегідей 3 емес, 5 ойыншыға жүлде табыстағанын айта кету керек.

ш