Аймақтар • 13 Маусым, 2023

Эвакуациялық пункттегі балаларға жазғы лагерь ұйымдастырылады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысындағы Половинка, Талица және Бұлақ ауылдарынан  кетуге мәжбүр болған тұрғындардың балаларына жазғы лагерь ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Эвакуациялық пункттегі балаларға жазғы лагерь ұйымдастырылады

Эвакуацияланған балалардың бос уақытын жүйелі ұйымдастыру үшін күн сайын Абай музейіне, қаланың басқа да  мұражайларына, биологиялық орталыққа, киноға, орталық саябаққа экскурсиялар ұйымдастырылады.

«Балалар үшін демалыс және ойын-сауық бағдарламалары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ балаларға арналған №49 орта мектеп базасында мектеп лагері жұмыс істейді. Онда білім беру сабақтарымен қатар  психологиялық қолдау көрсетіледі», деді эвакуациялық пункттің өкілі Біржан Бұлабаев.

Айта кетсек, Семейдегі эвакуациялық пункттерде 189 адам, оның ішінде 74 бала бар. Жалпы, қалада 800 адамға арналған 9 эвакуациялық пункт ашылған.