Полиция Талғар тасжолының бойындағы экологиялық бекетте мопед мінген екі ер адамды ұстады. 44 жастағы ер адамның курьерлік сөмкесінен әртүрлі калибрлі 17 патрон және «Grand Power тапаншасы табылды. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды.
Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігіндегі «Заңсыз қару сақтау» бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, сотталушылардың бірі бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотты болған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Алматыда полиция қызметкерлері 44 жастағы курьерден тапанша мен 17 оқ тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Украина мен НАТО шұғыл отырыс өткізеді
Әлем • Бүгін, 14:04
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:27
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 12:23
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:23