Заң • 14 Маусым, 2023

Заңсыз активті өз еркімен қайтарғандар жауапқа тартылмайды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс отырысында заңсыз активтерді қайтаруға қатысты заң жобасы қаралды. Заң жобасына сәйкес, заңсыз активтерді өз еркімен қайтарғандар жауапқа тартылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңсыз активті өз еркімен қайтарғандар жауапқа тартылмайды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл заңның мақсаты тек заңсыз активтерді қайтару екенін айтып, оған қатысты түсініктеме берді.

«Мемлекеттегі ең өзекті болып тұрған мәселе – кезінде жымқырылған дейміз бе, заңсыз шығарылған дейміз бе, сол клептократтың шығарған қыруар қаржысын елге қайтару. Ол қандай жолмен қайтарылады? Осы мәселе осы заңда қарастырылған. Бұл жерде мүмкін бұрынғы стандарттарға келмейтін тұстар да бар шығар. Себебі бұл жағдайдың өзі де стандартқа сай жағдай емес, шынын айтсақ. Сондықтан бұл заң, бірінші кезекте нені реттейді? Біздің шетелге шығарып кеткен ірі клептократтардың қаржыларын елге қайтаруды реттейді. Біріншіден, осы заң бойынша реестр құрылады. Сол реестрде өзіңіз айтқан азаматтардың тізімі жасалады. Екіншіден, ол азаматтар ол қаржыны өз еркімен қайтарамыз дейтін болса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Бізде бүгін бірінші кезектегі мәселе – қаржыны қайтару», деді Ерлан Қошанов.