Қоғам • 14 Маусым, 2023

Гуманитарлық көмек жөнелтті

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлықтар Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігін «Amanat» партиясының облыстағы өкілдері шығарып салды.

Гуманитарлық көмек жөнелтті

Алапат апат былтыр ну орманын дүлей жалын жалмап кеткен Тобыл-Торғай өңіріндегі ағайынның да қабырғасына қатты батып отыр. Қиын-қыстауда қалған алыстағы жақынға шын жаны ашып, көп болып бірігіп көмек көрсетуге үндеген белсен­ді азаматтар енді ел ішінен жылу жинап, шығысқа бет алған гуманитарлық көмектің легін жалғастырудың қамын қарастырып жатыр.

«Гуманитарлық көмек тиелген жиырма тонналық жүк көлігі күні кеше жолға шық­ты. Оны жинауға облыс­тық, аудандық мәслихаттың де­пу­тат­тары, жергілікті жер­лер­дегі бастапқы партия ұйымдарының өкілдері атсалысты. Бұл игі іс көпшілік тарапынан қолдау тауып, бізге сан салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар хабар­ласып, не керек екенін, қалай көмек көрсете алатынын сұрастырып жатыр. Азаматтық жауапкершілігі жоғары, жанашыр жандардың көп екені көңіл тоғайтады.

«Жастар рухы» жастар қана­тының белсенділері де жүгі­ріп жүріп біраз шаруа тын­дыр­ды. Бүкіл елдің басына түс­­кен сындарлы сәтте ауырт­па­лық көргендерге қолұшын созбай, бір шетте үнсіз жатып алу адамдығымызға да, аға­йын­дығымызға да сын бола­ды. Сон­дықтан қазір жұрт болы­п жұмы­лып, өрттен зардап ше­к­кен аға­йынға барынша көмек көр­се­туі­міз керек», дейді «Amanat» партиясы облыстық фи­лиа­лының төрағасы Бибігүл Аққожина.

 

Қостанай облысы