Қоғам • 15 Маусым, 2023

Елордада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастады

7839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада балалар арасында қызылша ауруын жұқтырғандар көбейген. Бұл туралы елорданың Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада балалар арасында қызылша ауруы тіркеле бастады

Жанна Пралиеваның айтуынша, 13 маусымдағы жағдай бойынша қалада 34 бала қызылша ауруын жұқтырған. Белгілі болғандай, олардың ата-анасы қызылшаға қарсы жоспарлы екпеден бас тартқан.

«Өкінішке қарай, ата-аналардың екпеден бас тартуы баланың денсаулығына ғана емес, жақындарына да қауіп төндіреді. Қаладағы екі мектепке дейінгі балалар ұйымында қызылша ауруы тіркелді. Бірінші жағдайда қызылшамен ауырған бала тиісті екпені алмаған 8 балаға жұқтырған. Ал екінші жағдайда бала өзінен басқа вакцина алмаған 4 балаға жұқтырды. Барлық баланың ата-анасы қызылшаға қарсы вакцинадан бас тартқан», деді Ж.Пралиева.

Оның айтуынша, қазір балалар «қызылшаның типтік түрі» диагнозымен ауруханада жатыр. Олардың жағдайы күрделі дәрежеде, ауру одан әрі өршуі мүмкін.

Осы орайда Жанна Пралиева жоспарлы профилактикалық екпелерден бас тартпаудың маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, екпенің әсері 95-97 пайызға дейін жетеді.