Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер орындай бастайды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.