Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз етеді.
Төтенше жағдайлар министрі өрт сөндірушілерге көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібиліктері үшін алғыс айтты.
Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ және елді мекендерге қауіп жоқ.
Айта кетейік, өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды.