Қоғам • 18 Маусым, 2023

Бүгін - Әкелер күні

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде алғаш рет Әкелер күні мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін - Әкелер күні

Наурыз айында Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында аталған мерекені бекіту ұсынылған еді.

Бастама негізінде Әкелер күнін маусымның үшінші жексенбісіне белгілеу жоспарланды.

Екі айдан кейін Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойып, мереке ресми түрде бектілді.

Мерекелік күндердің тізбесіне «Әкелер күні» мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар.

Сондай-ақ мамырдың екінші жексенбісінде Аналар күні атап өтіледі.