Судың жылы бөлігіне өткеннен кейін тұқымын тарату үшін құрлыққа жақын келген киттерді көруге адамдар құмар. Бұл жануарлар суық судан жылы ағысқа ауысу үшін ондаған мың шақырымды артта қалдырған. Киттер зиянсыз, тіпті адамдар отырған қайықтармен қатарласып жүзеді.
Олардың ұзындығы 18 метр, ал салмағы 100 тонна. Ресми есеп бойынша бүгінде мұхиттардың Аргентина, Австралия мен Оңтүстік Африка бөліктерінде олардың 10 мыңнан астамы тіршілік етеді.