Аймақтар • 19 Маусым, 2023

Катонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі өрт сөндірілді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық саябағында тұтанған жалын толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Катонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі өрт сөндірілді

«Катонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жердегі «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалы (Усть-Язовое орманшылығы, 4 квартал) аумағындағы өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 12:00-де сөндірілді», делінген хабарламада.

Айта кетсек, мұндағы өрт 15 гектарға шарпыған.