Бір жыл бұрын KMF-тің Agile-ге көшу эксперименті туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар компания клиентке деген құрметін және олардың бизнесін дамытуға негізделген, 25 жыл бойы ұстанып келе жатқан басты құндылықтарын сақтауға тырысты. Agile өз кезегінде клиенттердің барлық талабына сәйкес келетін қызметтерді тиімді де жылдам енгізуге мүмкіндік беретін драйверге айналды.
Жаңа сапалық деңгейге көшу тренингтерден басталды. Компания мамандарының айтуынша, бұл трансформацияны сынақ деуге болады. Себебі, біріншіден, бұл – бұрынғы жайлы әрі үйреншікті дағдылардан арылу және жобаларда мүмкіндігінше ашық болу. Екіншіден, жаңа цифрлық рельстерді қайта құру іспетті. Александра Ковалева Аgile-ге байланысты өткен тренингтердің алғашқы қатысушыларының бірі болды. Тәуекелдер жөніндегі директор лауазымына ие болған ол өзі де тәуекелге барғанын және сол үшін еш өкінбейтінін айтады. Оның айтуынша, мұндай шешім – кімнің болсын өз қарым-қабілетін сынап көрудің тамаша мүмкіндігі.
Суретте: KMF жеке менеджері және компания клиенті.
«Маған KMF-тегі Agile-ді басқару ұсынылғанда мен оны сынақ ретінде қабылдадым. Дегенмен клиенттеріміз үшін пайдалы болатын цифрлық өнімдерді шығару үдерісінің басы-қасында болғым келді. Қазір клиенттеріміздің саны 260 мыңнан асады. Осылайша, Agile директоры ретінде өмір жолым басталды», деп еске алды Александра Ковалева. Арнайы білім алып, бұл бағытты жетік меңгерген Agile іскерлер тобы клиенттердің KMF-пен жылдам жұмыс істеуі үшін цифрлық қызмет көрсетуді іске қосу мақсатын алға қойған.
«KMF-те Agile дәріптелмеген еді. Қиындықтардың әлі де алда екенін жақсы түсіндік. Өмірімізде «ретроспектива, бэклог, демо, дейли митинг» деген сияқты жаңа ұғымдар пайда болды. Тәртіп пен өнімділік тәсілі арқылы жұмысымызды айтарлықтай өзгерте бастадық. Бірінші кезекте жұмыстағы тапсырмалар тізімін қысқарттық, ең негізгісін белгілеп, команда жұмысын ең маңызды әрі қолдан келетін жобаларға қарай бағыттадық. Сондай-ақ «блокерлер» деп аталатын кедергілерді жоюға кірістік», дейді А.Ковалева.
Қазіргі таңда бұл команда клиенттер мен қызметкерлерге арналған мобильді қосымшаны жақсартуға, несиелік құжаттарды цифрландыру мен CRM жүйесін жетілдіруге бар күш-жігерін салып жатыр.
«Айта кетейік, KMF клиенттерінің басым бөлігі – ауылды жердің кәсіпкерлері. Бәлкім, ІТ, цифрландыру, Agile немесе заманауи технологиялар ұғымын ауылмен сәйкестендіру әдеттегіден қиынырақ болуы мүмкін. Бірақ бұл қалыптасып қалған пікірге біз бар дауысымызбен «Жоқ!» дейміз. KMF клиенттері, оның ішінде шалғай ауылдар мен өңірлердегі тұтынушылар Agile қызметін толыққанды пайдаланып отыр. Олар үшін бөлімшелерге барып-қайтатын уақытты үнемдеп, оны өз кәсібіне арнау аса маңызды.
Біз мобильді қосымшамызды айтарлықтай жаңарттық. Клиенттеріміз еш қиындықсыз, бірер минуттың ішінде белгілі бір соманы кез келген банк картасынан ала алады. Көп қағаз жинап жүрудің қажеті жоқ. Анықтамаларды да бір-екі түймені басып, онлайн алуға болады. Жақында бизнес-клиенттерімізге тағы бір жаңалық ұсынамыз, ол – іскер адамның қаржы есептерін жүргізуде керемет көмекші болатын қаржы дәптері», деді Александра.
KMF бөлімшелеріне келуді қалайтындарға да барлық жағдай жасалған. Кеңселерде тегін wi-fi бар, ал көптеген үдеріс цифрлық форматқа көшкен. Тіпті бөлімшеге келген клиенттерге көп құжатқа қол қоюдың да қажеті жоқ. Бірер секунд ішінде ЭЦҚ немесе SMS көмегімен мобильді қосымшада құжаттарға қол қойып, мақұлданған соманы алуға болады.
«Электронды келісімшарттар барлық компаниялар үшін қолайлы. Себебі, біріншіден, клиенттерге қызмет көрсету сапасы жақсарады, бөлімшелер жұмысының жылдамдығы артып, менеджерлер жұмысына түсетін салмақ азаяды. Екіншіден, экология үшін де таптырмас көмек. Біз қаржыландыруға жауапкершілікпен қарауды қолдаймыз және цифрлық шешімдерді енгізумен қатар, ресурстарды саналы тұтыну мен сақтау бағытына бет алдық», дейді А.Ковалева.
Компания жылдар бойы кәсіби маман қалыптастыру ісіне баса мән берді, жеке менеджерлер – сол игі жұмыстың нәтижесі. Олар өтінімдерді рәсімдеу, бизнесті бағалау немесе өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес беру үшін клиенттеріне өздері барады. Компания менеджерлері қосымшасы бар смартфондармен жабдықталған, бар болғаны бірнеше тетікті басу арқылы микроқаржыландыруға өтінім беруге, алдын ала мақұлдауды алуға, төлем кестесімен танысуға және тағы басқа қызметке қол жеткізуге болады. Клиент істеуге тиіс жалғыз шаруа – қажетті соманы алып, өз бизнесін дамыту.
«KMF клиенттері – экономиканың түрлі саласында қызмет ететін кәсіпкерлер. Олардың көпшілігі бизнестерін өз бетінше жүргізеді. Сондықтан біз олардың компаниямен қарым-қатынасын барынша жеңілдетуге тырысамыз. Мысалы, қызметкердің мобильді қосымшасындағы функциялар үнемі жаңартылып отырады, біз оны менеджерлердің жұмысын жеңілдететін, клиенттерге бизнес орнында тез және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа «фичтермен» толықтырып отырамыз», дейді А.Ковалева.
Бүгінгі таңда KMF өз клиенттеріне ыңғайлы цифрлық қызметтің көптеген түрін ұсынып отыр, бұл олардың қаржы ұйымымен жұмыс істеу кезінде болатын үдерістерге алаңдамай, кәсібін одан әрі жүргізе беруіне мүмкіндік береді. KMF мамандарының айтуынша, Agile цифрлық трансформацияда басқарудың барлық деңгейіне еніп, өз философиясын қалыптастырып, негізгі рөлдердің бірін атқарады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.
АЛМАТЫ