Қазақстан • 20 Маусым, 2023

Астанада Халықаралық еріктілер форумы басталды

1612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін отыздан аса елдің волонтерлері Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада Халықаралық еріктілер форумы басталды

Халықаралық шараға 34 елден 40-тан аса спикер арнайы келді. Олар екі күнге созылатын форум аясында сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөліскелі отыр. Олардың арасында БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Т.Бекмамбетов, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур Ван Дизен, Өзбекстан волонтерлер Ассоциациясының басшысы Ширин Абидова, музыкант, «AHBAP» Ассоциациясының» Президенті Халук Левент және басқалары бар.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен делегаттар қатысып жатыр. Жалпы форумға 400-ге жуық адам қатысып отыр. Оның 140-ы халықаралық ұйымдардың өкілдері мен шетелдік қатысушылар.

«Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» тақырыбында өтетін бірінші панельдік сессияның отырысында Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, Режиссер, «Мәдени бастамалар» қорының құрылтайшысы Тимур Бекмамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Қазақстандағы ЮНФПА өкілі және Түркіменстан мен Қырғызстан бойынша Елдік директоры Ронни Линдсторм, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер Бағдарламасы аясындағы аймақтық саясат маманы Эмилия Асадова сөз сөйлейді.