Білім • 20 Маусым, 2023

Бір мектептен 11 алтын!

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы NIS-тің биылғы 11 түлегі мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, ұстаздары мен ата-аналарының мерейін өсірді.

Бір мектептен 11 алтын!

Бұл – еліміздегі Назарбаев зият­керлік мектебі арасындағы үздік нәтиженің бірі. «Жүзден жүйрік» шыққан оқушылар бүгінде шетелдік ЖОО-лардан шақырту алып үлгерді. Атап айтсақ, Ақбота Ал­тынбек – Ита­­лия мен Германиядан, Айкөркем Нұр­жа­нова – Италия мен Гонконгтан, Әлия Нұр­лыбай – Қы­тай, АҚШ уни­верситеттерінен, Жәния Сағын­герей – АҚШ, Франция және Фин­ляндияның жоғары оқу орын­дарынан шақырту алса, Есболсын Бахтияр – Германиядағы Якобс университетінің грант иегері атанған.

Оларға қоса, Сәуле Қазетова – John Hopkins Center for Talented Youth бағдарламасының сертифи­катын, Мөлдір Мәлбекова – Италияның ЖОО грантын еншіледі. Ал Айнұр Тасболатова – Түркия, Мажарстан, Италия, Финляндияның бірқатар оқу орындарынан, Елнұр Жолдықұл – Италия мен Ма­жарстаннан шақырту алған. Нұр­төре Бауыржан – Италия мен Гер­манияның жоғары оқу орындарын таңдау мүмкіндігіне ие болса, Тоғжан Баудынбай оқу жылында «Business plan competiton – 2022» бағ­дарламалау бойынша Wunder кур­сына қатысып үлгерді.

«Біз зияткерлік қарым-қабіле­тін көрсетіп, білімдерін әлемдік дең­гейде дәлелдеген шәкірттерімізді мақ­тан етеміз», дейді Орал қала­сындағы Назар­баев зияткерлік мек­те­бінің бас­пасөз хатшысы Мөлдір Латифова.

 

Батыс Қазақстан облысы