Аймақтар • 21 Маусым, 2023

Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт шықты

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №4 балқыту цехында пештің трансформаторы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz зауыттын Instagram парақшасына   сілтеме жасап.

Ақсу ферроқорытпа зауытында өрт шықты

Жалын бүгін сағат 16:00-де тұтанған.

«Өртті кәсіпорынның апаттық-құтқару қызметі мен Ақсу қалалық өрт сөндіру бөлімі оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар басқармасы арнайы штаб құрды. Тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар