Агенттіктің хабарлауынша, Иньчуань қаласындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан 31 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр, қалғандары әртүрлі дәрежеде күйік алған.
Оқиға сәрсенбі, 21 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 20:40-та болған.
Төтенше жағдайдың алдын ала себебі − газ баллонының жарылуы. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.