Білім • 22 Маусым, 2023

Жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық тестілеу орталығы республика бойынша бүкіл жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы 20 маусымда жұмыс істей бастағанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

2023-2024 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

ЖОО-лардың қабылдау комиссиясының тізімі және байланыс нөмірі туралы қосымша ақпарат testcenter.kz сайтында және орталықтың Telegram арнасында жарияланған.

Ресурсқа кіріп, тізімді жүктеп алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.