Қазақстан • 23 Маусым, 2023

Жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді жанармай құю бекеттерінде баллондарды толтыруға болмайды. Ал сұйытылған көгілдір отынды сату бағасы қатаң бақылауға алынады. Бұл заң жобасын Сенат мақұлдап, Президентке қол қоюға жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жанармай құю бекеттерінде газ баллондарын толтыруға тыйым салынды

Газ саласындағы заңнаманы өзгертуге былтырғы қаңтар оқиғасы себеп болды. Енді көгілдір отынның қымбаттауы күрт тыйылады. Сонымен қатар белгілі бір бағамен сатып алынған сұйытылған газдың әрбір партиясын ресми үстеме бағадан артық сатуға болмайды. Ал тұрмыстық баллондарды қауіпсіздік мақсатында арнайы бөлінген орындарда ғана толтыруға болады.

«Жанармай құю бекеттерінде газ баллонын толтыруға тыйым салынды. Газ баллондарының қысымын тексеретін арнайы техника бар, онда арнайы эстакадалар бар», деп түсіндірді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Еске салайық, тұрмыстық газ баллондарына жанармай құю мәселесі сонау 2016 жылы талқыланған болатын. Энергетика министрлігі әкімдіктерге тұрмыстық газ баллондары мен газбен жабдықтау жүйесі нысандарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуді ұсынды.