Елімізде такси мен оның жүргізушілерінің қызметі арнайы ережемен бекітілгені белгілі. Осы құжат бойынша такси жүргізушілері ең алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, жолаушы тасымалымен айналысатыны туралы сәйкестік құжаты болуы, көліктерін такси белгісімен жабдықтап, жүргізушілер арнайы киім үлгілерін киюге міндетті еді. Сондай-ақ көлік салонында жолаушылардың көз алдында жүргізушінің фотосуреті, аты-жөні көрсетілген визит карточкасы, тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетілген ақпараттық тақта болуын да осы ереже міндеттейді.
«Атамекен» ҰКП басқарушы директорының орынбасары Әлішер Тұрсынның айтуынша, нарықтың осы сегментінде отандық такси қызметінің басымдықта болуы маңызды. «Мониторинг барысында қарбалас уақытта бағаның 6000 теңгеден 8000 теңгеге дейін ауытқып тұратынын анықтадық. Қазір нарықта дәстүрлі көлік түрінен бөлек электрокарлар да бар. Олардың Алматы әуежайынан Шымбұлаққа дейінгі жолақысы 12 мың теңге деп белгіленді», дейді сарапшы.
Бұл бағаның да тұрақты баға емес екені жиын барысында белгілі болды. Жолаушылар үшін ұсынылатын баға құны ауа райына, сұранысқа және басқа да деректерге байланысты өзгеруі мүмкін. Алматы әуежайында түрлі бағытқа баға шамасы туралы қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде арнайы баннерлер орнатылды. Туристер қосымшаны QR кодтары арқылы жүктей алады. «Баға 12 мың теңгеден аспауы үшін шетелдік туристер баға диапазондары туралы хабардар болуы маңызды. Шетелдік турист үшін шамамен маршрут жасадық. Қаланы, сондай-ақ осындай орындарға баннерлер қоюды, «Баннерде үш отандық және екі шетелдік такси қызметін көрсетеді. Шетелдік қызметтердің картографияда және орналасқан жерін анықтауда мүмкіндіктері көбірек. Бұл жағынан олар ұтады. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды, біз жалғастырамыз. Тәсілдерімізді, жобаларымызды жетілдіру және мүдделі органдармен жұмыс жасау», деді ол.
Ә.Тұрсынның айтуынша, шетелдік туристердің қалаға келген бойда қай бағытқа басымдық беретіні алдын ала зерттелді. Мысалы, Медеу немесе Шымбұлақ болса, сол бағыттағы қонақүйлерге тоқтайды. Бұл ретте туристердің Алматыдағы ең жоғарғы бағаның ортақ көрсеткіші 12 мың теңгеден аспайтынын білуі біз үшін маңызды. «Баннерде үш отандық және екі шетелдік такси компаниясы қызмет көрсететіні айтылған. Шетелдік қызметтердің картографияда және орналасқан жерін анықтауда мүмкіндіктері көбірек. Бұл жағынан олар ұтады. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды, біз алдағы уақытта осы бағыттағы зерттеулерімізді жетілдіре береміз. Нарықтың заңы бір бағамен тұрақтап қалғанды құп көрмейді. Бағаның сұраныс пен ұсыныстың деңгейіне қарай реттеліп отырғаны маңызды», деп сөзін түйіндеді Ә.Тұрсын.
Алматы әуежайының баспасөз қызметінің жетекшісі Наиля Жабғина әуежайды хабардар ету қызметі келген жолаушыларға қала бойынша жүрудің ықтимал жолдары туралы ескертетінін атап өтті. Әуежай қызметкерлері жүкті қабылдау аймағында және халықаралық келу залынан шығаберісте келушілерге парақшалар таратады.
«Алматы әуежайы» АҚ бөлімінің бастығы Руслан Қозыбақов осыған дейін де баға мәселесі төңірегінде туындап жатқан түйткілдерді реттеу үшін бірқатар қадамға барғанын айтты. Алматы қаласы құқық қорғау орындарымен байланыс тұрақты. Туристік полиция шетелден келушілерді қарсы алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіл білмейтіндерді полиция қызметкерлері таксиге шығарып салып, тарифтерді ескертеді.
Еске салсақ, Алматыда шетел азаматтарын әуежайдан қонақүйге дейін 800 долларға жеткізген такси жүргізушісі жазаланған еді. Оның алдында шетел азаматтарынан тасымал қызметі үшін қомақты қаржы алған такси жүргізушісі бес тәулікке қамалған болатын.
АЛМАТЫ