Қатысушылар Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан басталған 25 қашықтықты бағындырып, Үркер елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті. Жарысқа велосипеді бар кез-келген жастағы әуесқой спортшы қатысты.
Іс-шараның ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасы Жан Галиев қатысып, алда келе жатқан мерекемен құттықтады.
Бала кезден спортты серік еткен 62 жастағы Елеусіз Пардабай екінші рет осы жарысқа қатысқанын айтып, өз ойымен бөлісті.
«Веложарысқа қатысқанда 62 жастағы зейнеткер екенімді ұмытып кетемін. Сол себепті баршаңызды күнделікті спортпен айналысуға шақырамын. Мүмкіндіктеріңіз болмаса, жаяу жүруге тырысыңыздар. Нәтижесінде денсаулықтарыңыз мықты болып, ауырмайтын боласыздар», дейді ол.
Бұқаралық велошеру аяқталғаннан кейін, мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лоторея ойнатылып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетсек, бұл шараға жақында ғана Францияда өткен бүкіләлемдік VIRTUS ойындарында велоспорттан 4 күміс жүлде алған Дастан Ордабай мен 400-ден астам қала тұрғыны қатысты.