«Қоғамдық пікірді қалыптастыруда БАҚ қызметкерлерінің рөлі бөлек. Сіздердің жұмысыңыз халыққа дұрыс әрі тексерілген ақпаратты жеткізіп, алуан түрлі мәселелерді шешуге септігін тигізіп келеді.
Осы орайда қалам ұстаған барлық азаматты кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Үкімет, Сенат және Мәжіліс отырыстарынан кейін 5-10 минуттың ішінде бүкіл қойылған сұраққа жауап беру мүмкін емес. Ал мұндай форматтағы кездесулер өте маңызды, оларды белгілі бір тақырып аясында тұрақты негізде өткізетін боламыз», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.