«Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерваты аумағында орын алған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің таралу аумағын 100 гектарға дейін азайтуға мүмкін болды.
Төтенше жағдайлар департаменті және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ күштері жаяу жүре отырып, 5-кварталда өртпен күресуде. Қол шанц құралдары мен мотопомпалар пайдаланылып жатыр.
Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде жалынның өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр.
Елді мекендерге қауіп жоқ», делінген мәліметте.