Әлемдік рейтингте үшінші сатыда тұрған еліміздің мақтанышы Елена Рыбакина өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайды.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Уимблдон жарысында Польша өкілі Ига Швентек – бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші ракетка болып тіркелген. Олар тек финалға шыққанда ғана бір-бірімен бақ сынаса алады.
«Үлкен дулыға» додасының өткен жылғы финалисі, тунистік Онс Жабер алтыншы ракетка ретінде сынға түседі.
Айта кетейік Қазақстанның ерлер арасында – бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Уимблдонда алғаш рет таңдаулылар қатарында бақ сынайды. Жуырда Галледегі ірі жарыста тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған А.Бублик жарысқа 24-ракетка болып қосылмақ.