«Казгидромет» мәліметінше, алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындалады. Осыған байланысты өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте 25-30 жылыға дейін, орталықта 30-35 жылыға дейін, оңтүстікте 33-38 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 28-33 жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республиканың шығысында термометрлердің бағандары 17-25 жылыға дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, күндіз 25-30 жылыға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 жылыға дейін жетеді.