Тілші «Ертістен су тасып ішуге мәжбүр» мақаласында тұрғындардың мұңын жеткізген.
«Күн ыстықта су таппай, қаталап отырмыз. Бірінші мұнараға жиналатын су тұтас ауылға жетпейді. Ал екінші мұнараны осы айдың соңынан бастап жөндей бастаймыз, – дейді әкімдіктегілер. Былтыр да осындай жағдай орын алып, құдықтардың бетіне су шығып кетті. Жапқыштарын ауыстырған соң, мәселе реттелгендей көрінген. Әрі үйімізге келіп тұрған су ауыз суға жарамсыз, тек үй шаруашылығына, бау-бақшаға пайдаланамыз. Енді сол судың өзі де жоқ. Соңғы рет болған апаттық жағдайдан кейін барлығы тоқтап қалды. Адамдар бау-бақша егуден қорқып қалған. Себебі оны суаратын су жоқ. Тұрғылықты халықтың 90 пайызы суды Ертіс өзенінен шелектеп тасып, қайнатып ішуге мәжбүрміз», дейді жергілікті тұрғын Анастасия Ращупкина.