Қоғам • 30 Маусым, 2023

Атырауда екі компания қаржы пирамидасын құру күдігіне ілінді

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қаржы пирамидасын құру және басқару күдігімен екі компанияға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда екі компания қаржы пирамидасын құру күдігіне ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің штаб бастығы Бекболат Әнесовтің айтуынша, жыл басынан бері қаржы пирамидасын құруға байланысты 3 дерек анықталған.

«Департамент қызметкерлері тұрғындарды алдап-арбаудың алдын алу үшін мониторинг жүргізіп келеді. Мониторингтің нәтижесінде биылғы бес айда қаржы пирамидасына қатысты 3 дерек әшкереленіп отыр. Қазір «Chia Tai Tianging» және «InCruises» ЖШС-ға қатысты қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету дерегімен қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр», деп мәлім етті Бекболат Әнесов.

Оның айтуына қарағанда, Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ету күдігіне ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жария еткен.

«Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарынан туысқандары, не жақын таныстары қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласу сұралады. Азаматтарды қырағы болуға, ақшалай жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз», деді Б. Әнесов.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03