Аймақтар • 30 Маусым, 2023

Марат Қарабаев Маңғыстау облысындағы бірқатар нысанды аралады

395 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бірқатар нысанға барып, қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марат Қарабаев Маңғыстау облысындағы бірқатар нысанды аралады

Министр «Каспий» тұщыландыру зауытының құрылыс барысымен танысты. Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының тұрғындарын сумен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін бюджеттік кредиттеу шеңберінде осы жобаны іске асыруға 12,3 млрд теңге бөлінді. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға орындалған.

Келесі кезекте ведомство басшысы кемелерді, қайықтар мен теңізге арналған техникаларды жөндеп, қызмет көрсететін, сондай-ақ кеме құрылысы мен теңіз құрылымдарының өндірісімен айналысатын «Кеме жабдықтары және сервис» компаниясына барды. Аталған компания «Балықшы» ЖШС-не тиесілі «Аташ» теңіз мұнай операцияларын қолдау базасында кеме жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл ұйым құрылғалы бері техникалық қызмет көрсету бойынша 140-тан астам жоба сәтті жүзеге асты.

Бұған қоса ҚР ИИДМ басшысы «Каскор-МашЗавод» машина жасау кәсіпорнының әлеуетін бағамдады. Компания мұнай-газ өндіруге арналған жабдықтарды шығаруға маманданған. Кәсіпорын жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған және мұнай-газ секторы үшін бірнеше күрделі металл конструкциясын өндіруді қоса алғанда, өнімдердің кең спектрін ұсынып келеді. Зауыттың басшысы Болат Арқаровтың айтуынша, шығарылатын өнім облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде көптеген беделді конкурс пен көрмелерде жоғары бағаға ие болған.

«Қазір біздің компания мұнай-газ саласында жұмыс істейтін Қазақстанның ірі жетекші компанияларымен тұрақты әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Білікті қызметкерлерден жасақталған командамыз жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен кез келген күрделі өндіріс жобаларын жүзеге асыра алады. Жоспар бойынша өндіріс қуаттарын одан әрі нығайтуды, кіріс пен нарық үлесін ұлғайтуды, халықаралық нарыққа шығуды, сонымен бірге өндіріске озық технологиялар мен Кайдзен іскерлік философиясын енгізуді көздеп отырмыз», деді Б.Арқаров.

Бұдан бөлек Марат Кәрімжанұлы «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнына да аялдады. Былтыр осы компания 310 мың тонна көлемінде аммиак селитрасын шығарып, экспорт көлемі 17,8 мың тоннаға жеткен болатын. Кәсіпорында 1250-ден астам қызметкер жұмыс істеп келеді. Басшылықтың айтуынша, компания еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Айталық, кәсіпорынның әр қызметкерінде тәуекелді бағалайтын айлық картасы бар. Бұл кәсіпорындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі құралдардардың бірі.

Сонымен қатар М.Қарабаев Ақтаудағы кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексеріп шықты. Қазір қалада 2 КТЖ жұмыс істеп тұр. Халық өсімі мен №1 КТЖ-нің жойылуына байланысты 2021 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, тәуліктік қуаттылығы 40 мың текше метр болатын №2 кәріз-тазарту құрылымын салу бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаның жалпы құны – 7,5 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03