Елорда бойынша аталған челленджді Білім басқармасы мен Мектепішілік және Студенттік Парламенттің жедел штабы – Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы ұйымдастырып жатыр. Челлендж 1 шілде сағат 11.00-де елордалық 127 білім беру мекемесінде бір уақытта басталды. Челленджде 500 бала домбыра шертеді.
Ұлттық домбыра күнгі қалалық челлендж жетекшісі Астана мемлекеттік академиялық филармониясы Қорқыт этно ансамблінің көркемдік жетекшісі ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет қайраткері Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Шолпан Қорғанбек.
Астаналық челлендж қатысушылары халық күйі «Тепең көкті», Құрманғазының күйі «Балбырауынды» және Ә. Желдібаевтың күйі «Ерке сылқымды» орындайтын болады. Әлеуметтік желілерге челлендж бейнероликтері #КүйКүмбірі хэштегімен жарияланады.