Қоғам • 04 Шілде, 2023

Моңғолия қазақтары: достық пен ынтымақтастық жолында

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылдың 4-8 шілде аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» қоғамы ұйымдастыруымен және Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің қолдауымен Ұлан-Батыр, Қобда, Баян-Өлгей аймақтарында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында екі ел арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Моңғолия қазақтарының IV Кіші Құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолия қазақтары: достық пен ынтымақтастық жолында

Ауқымды шара аясында екі ел ғалымдары, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ғылыми конференция, кино және мультфильм апталығы, бизнес форум, ұлттық ойындар мен мерекелік концерттер өтеді.

Сонымен қатар 8-9 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай Республикасындағы қазақтар мекендейтін Қосағаш ауданында және Алтай өлкесі орталығы Барнаулдағы қандастармен кездесу өткізіп, рухани кеш ұйымдастырылады.

«Отандастар қоры» қоғамы тарапынан осындай іс-шараларды өткізу елдеріміз арасындағы достық көпірді нығайтып қана қоймай, Моңғолия және Ресей қазақтарының ұлттық бірегейлігін арттыра түсуге және елімізбен рухани байланыстарды нығайтуға да өз үлесін қоспақ.