«Ең алдымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Үндістан Республикасының табысты төрағалық еткені үшін Премьер-министр Нарендра Моди мырзаға алғыс айтамын. Сіздің еліңіз ұйымымызды дәйекті дамытуға және оның халықаралық беделін арттыруға елеулі үлес қосты.
Бүгінгі саммит ашықтық, өзара сенім мен тең құқықтық принциптеріне негізделген жаһандық көпжақты диалогқа тың серпін береді. ШЫҰ қарқынды түрде кеңейіп келеді. Бұл ұйымның рөлі артып келе жатқанын және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастығымыздың нығая түскенін білдіреді. Осы ретте әріптесіміз Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиді ШЫҰ-ға толыққанды мүше мемлекет мәртебесін иеленуімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Беларусь Республикасының да біздің Ұйымға мүше атану процесі аяқталуға жақын», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент Александр Григорьевич Лукашенконы кеше өткен Беларусьтің Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бауырлас белорусь халқына амандық, бақ-береке тіледі. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасында президент сайлауы өтетінін ескерді. Президент Шавкат Миромонович Мирзиёевке осы маңызды шараны табысты өткізуге тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Елорда мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Елорда • Бүгін, 11:10
58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген
Мектеп • Бүгін, 10:58
СҚО-да тағы бір ауыл арақ-шараптан бас тартты
Қоғам • Бүгін, 10:43
Қылмыстық сот төрелігі бойынша форум өтті
Заң • Бүгін, 10:26
Ақтөбе облысында лауазымды тұлға 1,5 млн теңге көлемінде пара алған
Оқиға • Бүгін, 10:00
Оқиға • Бүгін, 09:55