Президент • 04 Шілде, 2023

Президент: ШЫҰ – ауқымды мәселелерді қарастыратын бірегей ұйым

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық беделі жоғары екенін назарға алып, бүгінде табысты әрі көпжақты ұйымға айналғанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне  сілтеме жасап. 

Президент: ШЫҰ – ауқымды мәселелерді қарастыратын бірегей ұйым

Жиын барысында Президент әлемдік ІЖӨ-нің төрттен бірі, дүниежүзілік сауданың 15 пайызы ШЫҰ  мемлекеттерінің үлесіне тиесілі екенін еске салды.

«Саяси ықпалы зор, экономикалық мүмкіндігі мол және орасан зор адам ресурсына ие ШЫҰ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге және адамзаттың заманауи сын-қатерлерін еңсеруге елеулі қоса алатынына сенімдімін.

Жаһандық тәртіпті түбегейлі трансформациялау жағдайында бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленістің, сауда және санкциялық соғыстардың, сондай-ақ басқа да заманауи сын-қатерлердің күшейе түскеніне куә болып отырмыз.

Халықаралық құқық негіздері мен оның маңызды қағидатының, яғни теңдей, бірлескен, бөлінбейтін, кешенді және тұрақты қауіпсіздіктің бұзылуы қалыпты жағдайға айналды», деді Мемлекет басшысы.