Мемлекет басшысының айтуынша, түрлі елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы «цифрлық алшақтық» өзекті проблемаға айналып отыр. Сондықтан Президент цифрлық теңсіздікті жоспарлы түрде азайту ШЫҰ қызметінде нақты басымдыққа айналуға тиіс екенін атап өтті.
«Үндістан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарды. Енді осы стратегиялық маңызды саладағы үздік тәжірибелерді алмасу ісін одан әрі жалғастырып, жолға қойылған байланыстарды сақтау және нығайту маңызды. Былтыр Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 28-орынды иеленді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.