Экономика • 05 Шілде, 2023

Доллар бағамы белгілі болды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444 – 449 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы белгілі болды

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 – 448 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр.

Кеше кешкі уақыттағы сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 1,59 теңгеге төмендеп, 446,60 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 5 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,79 теңге, Ресей рублі үшін – 4,99 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,97 – 5,23 теңге аралығында, Астанада 4,96 - 5,06 теңге аралығында ұсынылып жатыр.