Жалақысының жартысы алимент үшін ұсталғанын көрген Хромтау ауданының тұрғыны ашуға булығып, үйіне көрші тұратын бұрынғы әйелін соққыға жыққан.
Соққы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған жәбірленуші У. өзін соққыға жыққан бұрынғы жолдасын сотқа берді. Алайда кейін ол ойын өзгертіп, өзін соққыға жыққан бұрынғы жолдасын кешіретінін және материалдық, моральдық залалдың толық өтелгенін айтып, медиациялық келісімге келгенін айтады. Сонымен қатар алимент өндіруден бас тартқанын алға тартып, соттан бұрынғы күйеуінің бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.