Тағайындау • 05 Шілде, 2023

Орта білім беру комитетінің төрағасы тағайындалды

289 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Орта білім беру комитетінің төрағасы тағайындалды

Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологы болып бастады.

1992-1993 жж. –  «Қаражанбастермұнай» тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері.

1993-1995 жж. – Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы.

1997 ж. – колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі.

1997-2000 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы.

2000-2004 жж. – Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры.

2004-2005 жж. – Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының м.а.

2005-2006 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры.

2008-2010 жж. – Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы.

2010-2012 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2012-2019 жж. «Нұр Отан» партиясында жұмыс істеді.

2019-2020 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 жж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.

2021-2022 жж. – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.