
7 шілде ауа райының нашарлауы, нөсер мен қатты желдің екпіні салдарынан Н. Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйі ғимаратының қаптамасы құлады.
Оқиға орнына келген полицейлер дереу адамдарды эвакуациялады. Үйінділер астында адамдар қалғандықтан арнайы техника үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, құтқару іс-шараларына қатысты.