Спорт • 08 Шілде, 2023

Еліміздің параволейболшылары Азия чемпионатында «күміс» алды

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның параволейбол құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің параволейболшылары Азия чемпионатында «күміс» алды

Астанада отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионаты аяқталды. Чемпионат 3-8 шілдеде елордадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Додаға 8 елден Қазақстан, Жапония, Таиланд, Иран, Ирак, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Үндістаннан 200-ден астам спортшы бақ сынасты.

Қазақстан құрамасы 6 шілдеде жартылай финалда Қытай командасын 3:2 есебімен жеңді. Нәтижесінде, Азия чемпионатының финалына шығып, 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының лицензиясын ұтып алды.

Бүгін Қазақстан құрамасы Иран командасымен финалдық кездесу өткізді. Ойын өте тартысты өтті. Өйткені, екі команда да осал емес. Иран құрамасы – чемпионаттағы барлық кездесуде жеңілмеген жалғыз команда. Ал, Қазақстанның параволейболшылары әлемдік рейтингте 7-ші, Азия рейтингінде 2-орында тұр.

Кездесудің бірінші кезеңінде ирандықтар 25:21 есебімен жеңіске жетті. Ал, Қазақстан құрамасы екінші кезеңдегі алғашқы ұпайды иеленген еді. Алайда, қарсыластар басымдығына тойтарыс беру оңайға түспеді. Екінші кезеңнің нәтижесі – 25:14 болып, жеңіс қарсылас команданың үлесіне жазылды.

Шешуші үшінші кезеңде де қазақстандық параволейболшылар ұпайды көбірек еншілеуге талпынды. Есеп айырмасын қысқартып, басымдықты иеленуге ұмтылған қазақ ойыншылары үшін бұл кезең қарсыластар еншісінде кетті. Есеп – 25:17.

Сонымен Қазақстанның параволейбол командасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл кездесуде төрешілер тарапынан екі команданың ойыншыларына бірнеше рет сары қағаз көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35