Есірткі • 10 Шілде, 2023

Жамбыл облысында 280 келі есірткі тәркіленді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылының маңындағы құмды аймақта орналасқан «Сарғау» учаскесінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтады деген күдікке ілінген 42 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 280 келі есірткі тәркіленді

Күдікті ұсталған учаскеден жалпы салмағы 237 келі 234 грамм есірткі, қарасора бұталары табылып, тәркіленді. Оған қоса, күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жалпы салмағы 12 келі 640 грамм кептірілген марихуана салынған полипропилен қапшық пен жалпы салмағы 24 келі 586 грамм гашиш есірткі заты табылды.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады», деді полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.