Биыл сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды. Олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді. Қазір тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.
Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ведомство түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, кейінгі 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды.