Спорт • 12 Шілде, 2023

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы «Тобылдың» директоры болды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Манчестер Юнайтед» клубының және Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Андрей Канчельскис қостанайлық «Тобыл» командасының бас директоры болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы «Тобылдың» директоры болды

Қостанайлық команданың баспасөз қызметі хабарлағандай, маманмен келісімшарт келесі маусымның соңына дейін жасалған.

«Көмектесуімді сұрады, маусымның соңына дейін тырысамын. Сонымен қатар жаттықтырушылық жұмыс жөнінде ұсыныс түссе, бұл мәселені шешуге болады деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Әрине, жаттықтырушы ретінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. 13 шілдеде біз «Хонка» клубымен ойнаймыз, жұмыс істеп, «Тобылдың» алға жылжуына көмектесеміз», деді Андрей Канчельскис.