Сейілда Байшақов кәсіпқой мансабын алматылық «Қайрат» клубында бастап, алғашқы ойынын 1971 жылы Ленинградтың «Зенитіне» қарсы өткізген.
Сейілда Икрамұлы ұзақ жылдар бойы қазақстандық футбол флагманының капитаны әрі көшбасшысы болды. Ол сондай-ақ Кеңес Одағы құрамасы сапында екі ойын өткізген.
«Қайрат» ұлттық құрамасы сапында 300-ге жуық ойын өткізген. Қазақстан футболының мақтанышы соңғы жылдары Республикалық футбол федерациясы мен еліміздің футзал қауымдастығының жауапты қызметтерінде болған.