Спорт • 12 Шілде, 2023

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында сүрінді

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан теннисшісі Уимблдонның ширек финалында Тунис теннисшісі Онс Жаберден ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында сүрінді

Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Есеп - 7:6 (7:5), 4:6, 1:6.

Өткен жылғы Уимблдон чемпионы Рыбакина ойын барысында 7 эйс жасады, 3 қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың екеуін ғана сәтті жүзеге асыра алды. Онс Жабер болса, 8 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 9 брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады. 

Осылайша былтырғы Уимблдон финалында Рыбакинадан ұтылған Жабер реванш жасады.

Финалға шығу үшін енді Жабер беларусь теннисшісі Марина Соболенкомен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар

Күйзелістен құтқарады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Бейнежазбадан білім алған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:17

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07