Университет • 12 Шілде, 2023

Орталық Азиядағы үздік университет

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны атанып отыр. Бұл жағымды жаңалық The Times Higher Education Young University Rankings 2023 халықаралық рейтингінің нәтижесі арқылы жарияланды.

Орталық Азиядағы үздік университет

The Times Higher Education Young Uni­ver­­­sity Rankings 2023 рейтингісі құрыл­ға­ны­на­­ 50 жыл толмаған әлем университеттері ара­­­сында жүргізіледі. Биыл оған 605 жоғары оқу­­ орны қатысқан. Бұл екі жыл бұрынғы көр­­­сет­­­кішпен салыстырғанда 130 универси­тет­­ке көп.

Рейтинг әдіснамасына сәйкес жо­ға­­ры­­­­ оқу орындары дәйексөзділік, ин­­дус­­­­­­трияландырудан түскен табыс, интер­на­­­­цио­­налдандыру, зерттеу қызметі және бі­­лім­­ беру қызметі бес көрсеткіш бойынша ба­­ға­­ланды.

Рейтинг қорытындысы бойынша­ үз­дік­ үш­тікке Сингапурдағы Наньян техно­ло­гия­лық­ университеті, Гонконг ғылым уни­вер­си­теті және Париж ғылым және әдебиетті зерт­­­теу университеті кірді.

Айта кетейік, Еуразия ұлттық универ­си­­те­ті­ The Young University Rankings рейтингіне 2019 жылы алғаш рет енген.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024