Жалпы абаттандырылған аумақ – 0,96 гектарды құрайды. Жағалауда қала тұрғындары үшін түрлі демалыс алаңдары орналастырылған, оның ішінде:
- амфитеатр;
- балалар және спорт алаңдары;
- велосипед, жүгіру, серуендеу жолы;
- баскетбол, волейбол, футбол алаңы;
- өрмелеу алаңы;
- скейтпарк бар.
Аудан бойынша абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. Құрылыс маусымы басталғалы Көктөбе көшесінде (Көктал-1 елді мекені) және Фахд бен Абдул Азиз көшесінде (Агроқалашық елді мекені) қоғамдық кеңістіктер жайластырылды.
Сонымен қатар «Шапағат» СҮ және Желтоқсан-Бұқарбай батыр-Бейбітшілік көшелерінде жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмысы жүріп жатыр.
Бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың оң жағалауы қалай көркейетінін айтқан еді. Оның айтуынша биыл қаланың оң жағалауында 130-ға жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Қазірдің өзінде 50-ге жуық орында тиісті жұмыстар аяқталған.