«Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі Әміржан Нәбиев барлық қарызды өз қаражаты есебінен жабуға уәде берді», деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Риддер ЖЭО-ның жалпы қарызы - 5,5 млрд теңге.
«Министрлік тарапынан біз де қарыз мәселесін бақылауға аламыз», деді Алмасадам Сәтқалиев.
Энергетика министрі Риддер ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысына егжей-тегжейлі тоқталды.
Қаржы министрлігімен және облыс әкімдігімен бірлесіп, үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі әзірленді. Жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алынды. Жөндеудің жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болды. Риддер ЖЭО-дағы жөндеуге сегіз мердігер ұйым жұмылдырылды.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Риддер ЖЭО-дағы жұмысты жылу беру маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарланып отыр.
18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс бойынша алғашқы сапарын өңірдегі маңызды нысандардың бірі – «Риддер ЖЭО» АҚ-да бастап, жылу басқармасымен кеңес өткізді.