Қоғам • 14 Шілде, 2023

Балқашта оқитын оқушылар мен колледж студенттері үшін тегін автобус қатынайды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш қаласына жақын маңайда орналасқан елді мекендерден қатынап оқитын оқушылар мен колледж студенттеріне автобус тегін болмақ, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Балқашта оқитын оқушылар мен колледж студенттері үшін тегін автобус қатынайды

«Балқаш өңірінің білім беру ұйымдары оқушыларының келесі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнынан 100% жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын:

- 15 жасқа дейінгі және 15 жастан асқан өңірдің жақын маңдағы елді мекендерінде тұратын жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың оқушыларына (әр аптаның демалыс және каникул күндерін қоспағанда);

- Техникалық және кәсіптік ұйымдардың студенттеріне, атап айтқанда жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жақын маңдағы елді мекендерде тұратын 15 жастан асқан балаларға (әр аптаның демалыс және каникул күндерін қоспағанда)»,  делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Балқаш қалалық маслиханың шешімінде.

Құжат 27 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.