Қоғам • 14 Шілде, 2023

Алматы облысында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгереді

1971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдік пен мәслихаттың «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Алматы облысында бірнеше ауылдық округ пен ауыл атауы өзгереді

Атап айтқанда, Іле ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауын келесідей өзгерту жоспарланған:

Энергетический ауылдық округін Өтеген батыр ауылдық округіне;

КазЦИК ауылдық округін Асқар Тоқпанов ауылдық округіне;

Энергетический ауылдық округін Покровка ауылын Кенен Әзірбаев ауылына;

Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылын Байкент ауылдық округі және Байкент ауылына;

Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылын Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылына;

КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылын Жайнақ ауылына өзгерту жоспарланған.

Бұған қоса Талғар ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы келесідей өзгертілмек:

Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылына.

Кеген ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы келесідей өзгертілсін:

Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.

Құжат Ашық НҚА сайтында 28 шілдеге дейін жарияланған.