Теннис • 14 Шілде, 2023

Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ракеткасы Юлия Путинцева Бастад (Швеция) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің финалына шыға алмады

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингте 94-орында тұрған сербиялық Ольга Даниловичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен сербиялық теннисшінің еншісіне жазылса, екіншісінде Ю.Путинцева бет қаратпады, есеп 6:0 болды. Алайда үшінші, шешуші сетте жеңіліп қалды – 2:6.

О.Данилович финалда әлемнің 55-інші, доданың 1-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакина Онс Жаберден жеңіліп қалғанын жазған едік.