Спорт • 16 Шілде, 2023

Лионель Месси «Интер Майамиге» өтті

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубы ресми түрде аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің командаға қосылғанын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лионель Месси «Интер Майамиге» өтті

Футбол клубы атақты футболшының командаға қосылғанын хабарлап, «Интер Майами» жейдесін киіп түскен суреті мен бейнежазбасын жариялады.

Лионель Мессимен келісімшарт 2025 жылға дейін жасалған. Ол жаңа командасында 10 нөмірлі жейде киетін болды.

35-жастағы аргентиналық соңғы екі маусымда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында ойнаған. Команда сапында ел чемпионатын екі мәрте жеңіп алса, сол елдің суперкубогына қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік,  өткен маусымда ол 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді. Аталған команда сапында 75 ойында 32 голдың авторы атанып, 35 нәтижелі пас шығарды.